Астана билігі шетелдіктерді алдаған таксистерді ЭКСПО қонақтарын тегін тасуға мәжбүрлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана билігі шетелдіктерді алдаған таксистерді ЭКСПО қонақтарын тегін тасуға мәжбүрлейді

Астана билігі шетелдіктерді алдаған таксистерді ЭКСПО қонақтарын тегін тасуға мәжбүрлейді

Елорда басшылары «Экспо» көрмесі кезінде шетелдік қонақтарды қарсы алу барысында такси жүргізушілері бағаны өздері асыра көтерген жағдайда тиісті шаралар қолданады.

  • 8 Маусым 2017
  • 7738
Фото - Caravan.kz

Яғни арам пиғыл танытқан такси жүргізушілері ЭКСПО қонақтарын тегін тасымалдайды, деп хабарлайды Caravan.kz Астана қаласы әкімдігінің медиа-орталығына сілтеме жасап.

Барлық бірыңғай такси қызметтерінде әуежай мен вокзалдан елорда нысандарына дейінгі аралықта сапардың шамамен бағаланған құны көрсетілетін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған парақшалар болатынын Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова медиа орталыққа хабарлаған болатын.

— Жолаушыларға назарына: егер сіз бірыңғай такси қызметтерімен таксометрді қоспай жол жүрсеңіз, сіздің сапар тегін болатынын айтқым келеді» — дейді М. Бектұрова.

Сондай-ақ, ол таяуда орын алған венгр азаматын Астананың оң жағалауына дейін 40 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісінің оқиғасына қатысты пікір білдірді.

-Біріншіден, ол таксометрі бола тұра, оны қоспаған. Екіншіден, турист барғысы келген бағыттың сапар бағасы такси қызметінің нұсқаулығында көрсетілген. Сәйкесінше, таксист сапар құнын әдейі көтерген. Көлік жүргізушісі өз кінәсін толық мойындап және өтеуін төлеп, өкінгендіктен біз оны жауапкершілікке тартқан жоқпыз. Алайда бұл жағдай оған және оның әріптестеріне сабақ болады деген ойдамын», — деп Бектұрова өз сөзін жалғастырды.


Шетелдіктен қомақты қаражат алған жүргізуші бірыңғай такси қызметіне жақында жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

-Бұрын ол жеке такси жүргізушісі болған, кейін заңдастырылғысы келген. Алайда, ауру қалса да, әдеттері әлі қалмаған екен, — деп әзілдеді Бектұрова.

ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада өз жұмысын 10 маусымнан бастайды.