"Комиссия жұмыс істеп жатыр, шешімдер қабылданды, адамдар жазаларын алды. Біз құрған комиссия шеңберінде мектеп директоры мен білім басқармасы бастығының орынбасарына сөгіс берілді", деді министр журналистерге жұмада Астанада.
"Біздің комиссия жұмысын жалғастыруда. Әрине, біз әкімшілік шаралар қолданамыз, қылмыстық іс-құқық қорғау органдарының құзыретінде, бірақ біз министрлік ретінде бұл оқиғаға мән беруге тиіс шығармыз, яғни мектептерде тәрбие жұмысы қалай болып жатыр, балалармен жұмыс қалай жүргізілуде.Сол себепті комиссия бұл мәселенің әкімшілік ғана емес, тәрбиелік те жағын қарап көрмек", деді ол.
Алдында хабарланғандай, Астанада N76 мектептің 8-шы сынып оқушысы сыныптасының кеудесіне қаламсап тығып алған, ол бала сол жерде қаза болған.
Ұрған баланың психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғандығы анықталған.
Бұл іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.