Астана: бір үйде 1700 тұрғын тіркелген! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана: бір  үйде 1700 тұрғын тіркелген!

Астана: бір үйде 1700 тұрғын тіркелген!

Бір  үйде 1700 тұрғын тіркелген. Астанада ауданы небәрі 67 шаршы метр болатын  үйде  осыншама адам  тіркеуде тұрған. Сөйтсе, үй иесі елордаға шеттен келгендерді тіркеп, ақша табуды кәсіп қылған.    

  • 16 Маусым 2011
  • 437
Фото - Caravan.kz

Бұл заңсыздықты Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тексеру жүргізе бастаған Ақпарат және байланыс министрлігінің мамандары анықтады.  Таяуда бұл орталықтар аталмыш министрліктің құзырына берілді. Тексеру үйлеріне шамадан тыс адамдарды тіркеуді бизнеске айналдырғандардың жеткілікті екенін көрсеткен. Әрбір тіркелген азаматтан 15 мыңға дейін алып отырған. Тіпті бұдан халыққа  қызмет көрсету орталығының қызметкерлері хабардар болған көрінеді. Қазірминистрлік осы мәселені ретке келтірумен айналысуда.


Бақыт Әбішев, ҚР
Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді бақылау комитетінің төрағасы:

— Шынымызды айтсақ, біз де таң қалып отырмыз. Біз көп дегенде 40-50 адамды тіркеуге рұқсат береміз. Ал 60 шаршы метрге 1700 адам тіркелу  сұмдық!

Соңғы жаңалықтар