Астана бойынша қоршаған ортаны қорғау басқармасы электронды есеп беру жүйесіне көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана бойынша қоршаған ортаны қорғау басқармасы электронды есеп беру жүйесіне көшеді

Астана бойынша қоршаған ортаны қорғау басқармасы электронды есеп беру жүйесіне көшеді

АСТАНА. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау басқармасы үшінші тоқсаннан бастап электронды есеп жүйесіне көшеді. Бұл жөнінде аймақтық басқарма бастығы Мұрат Рахымбергенов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Тамыз 2006
  • 419
Фото - Caravan.kz

«1- қазаннан бастап біз электронды есеп жүйесін енгіземіз»,-дейді М.Рахымбергенов.

«Қоршаған ортаны пайдаланушыға мұнда келіп кезекте тұрудың қажеті болмайды. Ол электронды пошта арқылы өзінің есебін жіберсе, біз электронды түрде қол қойып, бекітіп, қайта жібереміз»,-дейді басқарма бастығы.

Сондай- ақ , М.Рахымбергеновтың мәліметі бойынша, 2006- жылдың 1-шілдесінен бастап басқармаға есеп құжаттарын және төлемдерді қабылдауға ыңғайлы «бір терезе» жүйесі енгізілген.

Перейти к новостям спорта