Жарияланды: 310

Астана Дэвис Кубогі матчын қабылдайды

Астана Дэвис Кубогі матчын қабылдайды

2013 жылғы 1-3 ақпанда Астанада үлкен теннистен әлемдегі ірі сайыс санатындағы Дэвис Кубогінің бірінші кезеңі өтеді.

Қазақстан құрамасы әлемдік топтың 1/8 финалдық матчында Австрияға қарсы ойнайды. Естеріңізге сала кетейік, Кубоктің рейтингінде австриялық ұжым 9 орында тұр. Олар осы жарыстарға 78 жыл қатысып келе жатыр, оның ішінде 17 жылы әлемдік топта. Елордаға Автрияның бірінші ракеткасы Юрген Мельцер келеді деп күтілуде. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында құрама капитаны Диас Досқараевтың айтуынша, біздің теннисшілерді қиын ойын күтіп тұр. Қазіргі кезде федерация аталған доданың қарсаңында барынша тынығып алуға мүкіндік жасап отыр. «Қазір жылдың соңы болғандықтан жарыстар көп емес. Бұл маусым ұзақ болды. Атап айтқанда, бірнеше ауыр ойындарға қатыстық. Енді теннисшілер жақсылап демалып алуы тиіс»,-деді ол. Сонымен қатар баспасөз мәслихатында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова ерлер құрамасына жанкүйер болу үшін Астанаға келетінін айтты. Оның пайымдауынша, жеңіске жетуге қазақстандық құраманың мүмкіндігі зор. «Бізде өте жақсы құрама жасақталған. Біздің ерлер Швейцария мен Өзбекстанға қарсы ойындарда жақсы ойын өрнегін көрсете алды. Мен біздің жігіттер әлемдік топта сайысқа түсіп жүргенін мақтан етемін»,-деді Я. Шведова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін