«ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалі: сценарийлер конкурсының жеңімпаздары аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалі: сценарийлер конкурсының жеңімпаздары аталды

«ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалі: сценарийлер конкурсының жеңімпаздары аталды

«ASTANA» 2-ші халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің шеңберінде өткізілген сценарийлер конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп мәлім етті кинофестивальдің бас директоры Ирен Ванидовская.

  • 26 Мамыр 2011
  • 683
Фото - Caravan.kz

«Финалға шыққан бес сценарий Тимур Бекмамбетовпен фильм түсіру құқығы үшін таласады», — деп мәлім етті сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында бас директор Ирэн Ванидовская.

«Жартылай финалға шыққан жеңімпаздардың есімдерін бүгін таңғы сағат 7-де білдік: Апат Нахмет, Рустам Мұхит, Ғалия Байжанова, Виталий Кистанов, Ержан Есімханов, Бақтияр Қадыров, Эльман Сулейманов, Александр Қасымбаев», — деді ол.

Оның айтуынша, сценаристердің өздері конкурста жеңіске жеткендерін білмейді.

«Әлі бір де бір адам білмейді, жеңімпаздар да. Олардың есімдерін атасаңыздар, олар бақытты болады», — деді
И. Ванидовская.

И. Ванидовская жеңімпаз атанған 5 сценарийдің бір де біреуіне тоқталған жоқ.

Оның ақпаратына сәйкес, конкурсқа 630 сценарий қабылданды, 132-сі бастапқы іріктеуден өтіп, оның 98-і конкурстың талаптарына толығымен сәйкес келеді деп танылды.

«ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалі1-5 шілде аралығында өтеді. Оған АҚШ, Еуропа, Азия, ТМД елдерінің 20 толықметражды картинасы қатысады. Кинотуындыларды «Хан Шатыр» көңіл көтеру орталығында көрсету жоспарланған.

«ASTANA» халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінің президенті — Тимур Бекмамбетов.

Біріншікинофестиваль 2010 жылы өтті.

Перейти к новостям спорта