«Астана ЭКСПО-2017» ҰК топ-менеджменті екі есе қысқартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК топ-менеджменті екі есе қысқартылды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК топ-менеджменті екі есе қысқартылды

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов ұжымға жаңа ұйымдастырушылық құрылымды ұсынды,

  • 19 Тамыз 2015
  • 465
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.

Басқарма төрағасының орынбасарларының саны 5-тен 3-ке, басқарушы директорлар саны 9-дан 4-ке қысқарды. 

Сондай-ақ бірқатар департаменттерге қатысты өзгертулер орын алды. Нәтижесінде ұлттық компанияда 20 департаменттің орнына 18 департамент және «Құрылыс дирекциясы» филиалы жұмыс істейтін болды.

А.Есімов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның қазіргі құрылымы айтарлықтай жеңілдетілгенін және атқарымдардың қосарлануы мен көпсатылылығын болдырмайтындығын ескертті.


Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметовтың айтуынша, жалақының жылдық қоры 150 млн. теңгеге қысқартылған.

* * *
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 2013 жылғы 15 қаңтарда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін дайындау және өткізу үшін құрылды. Көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйек аралығында өтеді. Көрмеге 100 мемлекет, кем дегенде 10 халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы 2 миллионнан артық келуші және шамамен 5 миллион қатысу болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар