50 жастағы Баркинхоев үйқамақта отыр. Ол сыбайластарымен бірлесіп бюджеттің 214 миллион теңгесін жымқырды деген күдікпен маусымда ұсталған болатын. Сондай-ақ, қазір «Астана ЭКСПО»-ның экс-басшысы Талғат Ермегияев те қазынаға тиесілі 4 миллиард 200 миллион теңгені қолды қылғаны үшін үйқамақта отыр. Тұтқындалғандар қатарында экс-төрағаның кеңесшісі, атышулы Мақсат Үсеновтың әкесі Қажымұрат Үсенов те бар.