Жарияланды: 420

Астана Еуразияның дәл жүрегіндегі маңызды орталыққа айналды

Астана Еуразияның дәл жүрегіндегі маңызды орталыққа айналды. Бұл туралы бүгін елордада Астананың бұдан әрі даму мәселесіне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Сәні мен сәулеті келіскен біздің елордамыз шын мәнінде барлық қазақстандықтардың, қазақтың даласының мақтанышы болды. Астана тек қазақтың елордасы емес, сонымен бірге жаһандағы ауқымды әрі маңызды жиындарды өткізетін Еуразияның дәл жүрегіндегі үлкен, маңызды орталыққа айналды»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент өткен жылы ЕҚЫҰ-ның саммиті, қысқы Азияданың спорттық шаралары елордада табысты өткенін еске салып өтті. «Биыл ШЫҰ-ның 10 жылдық мерейтойлық саммиті Астанада өтеді. Сонымен қатар ағымдағы жылы біз Ислам конференциясына басшы болғаннан кейін сол ұйымның үлкен беделді жиындары тағы да Астанада өтеді»,-деді Елбасы. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Астананы өзге қалалар үшін өнеге болатын елорда ретінде көрсету керектігін қадап айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть