Астана халқының саны 13 мыңға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана халқының саны 13 мыңға артты

Астана халқының саны 13 мыңға артты

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, елорда халқының саны ағымдағы есеп бойынша

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 793
Фото - Caravan.kz

2015 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 866 039, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша — 381 635 (44,1%), «Есіл» ауданы бойынша — 133 402 (15,4%), «Сарыарқа» ауданы бойынша — 351 002 (40,5%) адамды құрады, деп хабарлады astana.gov.kz.

Жыл басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны  13 157, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша — 1781 адамға, «Есіл» ауданы бойынша — 6574 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша 4802 адамға артқан. Үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айларында халықтың табиғи өсімі 12 684 адамды, көші-қон өсімі 473 адамды құрады.

Аталған мерзімде Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 149 95 сәби туған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5% көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8% өсіп, 12 684 адамды құрады.


2015 жылғы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында тіркелген некелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% азайды, ажырасулар саны 10% өскен.