Астана Халықаралық форумы: Әлемнің белді сарапшылары жиылған форум қалай өтуде? - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана Халықаралық форумы: Әлемнің белді сарапшылары жиылған форум қалай өтуде?

Астана Халықаралық форумы: Әлемнің белді сарапшылары жиылған форум қалай өтуде?

Елордада 8-9 маусым күндері Астана Халықаралық форумы өтуде.

  • 8 Маусым 2023
  • 60
Фото - Caravan.kz

Әлемнің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарына арналған форум биылғы жылы «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» тақырыбында өтіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Айта кетерлігі, биылғы шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Форумды алғашқылардың бірі болып сөз алған ол, Қазақстан әлемнің көптеген елдерінің тұрақты жаһандық әрі сауда-экономикалық серіктесі болып қала беретінін айтты.

Одан бөлек форумда Катар мемлекетінің Әмірі мәртебелі Шейх Тамим бин Хамад Аль Тани, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры (ДСҰ) Нгози Оконджо-Ивеала, Халықаралық Валюта Қорының Басқарушы директоры (ХВҚ)Кристалина Георгиева және т.б. мәртебелі меймандар бой көрсетті.

Айтулы іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға бас-аяғы 1000-нан астам шетелдік қонақтар келген. Сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшалыр, ғалымдар мен тәжірибелі саясаткерлер 4 негізгі бағыт бойынша мәселелерді шешудің жаңа жолдарын қарастыратыны белгілі болды. Олар: сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы. Бүгінде аталған бағыттар бойынша 40-тан астам панельдік сессиялар, бейресми пікірталастар мен өзге де бағдарламадан тыс іс-шаралар өткізілуде.

Астана Халықаралық форумында талқыланған панельдік сессиялардың бірі – «Жасыл экономиканы трансформациялаудың жаңа шектері». Оған форум қонақтарынан бөлек бірқатар сарапшылар мен саясаткерлер қатысты. Солардың бірі – Астанадағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл. Ол панельдік сессия барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерге «жасыл», төмен көміртекті және тұрақты даму принциптері бойынша білім беру жобасын іске қосу жоспары бар екенін атап өтті.

Ерлан Әбілдің сөзінше, еліміздегі мемлекеттік қызметшілерді кәсіптік оқыту жүйесі жаңа инновацияларды қалай енгізіп, «жасыл» экономикалық трансформацияға қол жеткізуге қандай жолмен ықпал ететінін айтты.


«Климаттық өзгерістер мен энергетикалық тұрақтылыққа байланысты экологиялық күн тәртібі Еуразия континентінің кеңістігінде экономикалық және саяси қатынастардың белсенді факторы ретінде Қазақстан үшін өте өзекті болып табылады. Бұл ретте, мемлекеттік басқару органдарына және мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеледі. Мемлекеттік басқару академиясы адамгершілік қасиеттері жоғары, жаңа форматтағы менеджерлерді даярлау бағытында қызмет етеді. «Жасыл экономика» қағидаттарын енгізу оқыту бағдарламаларында да, зерттеу компоненті арқылы да жүзеге асырылады. Осы жылы Мемлекеттік басқару академиясында «Орталық Азиядағы климаттық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін су секторында жоғары білім беруді нығайту» атты Erasmus+ жобасы басталады», – деді академия ректоры.

Одан бөлек, Ерлан Әбіл Академияның мемлекеттік қызметшілерді даярлау бағытындағы жоспарларымен де бөлісті.

«Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік басқаруда нексустық бағалауды оқыту көзделетін «Орталық Азия елдерінің мемлекеттік лауазымды тұлғаларын су, энергетика, азық-түлік, экожүйе ресурстарының өзара байланысын бағалауды ілгерілету бойынша оқыту» жобасының қатысушысы. Сондай-ақ биыл академияда мемлекеттік қызметшілерге «жасыл», төмен көміртекті және тұрақты даму принциптері бойынша білім беру жобасын іске қосу жоспарда бар», – деп атап өтті ол.

Айта кетерлігі, Астана Халықаралық форумының стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN болып табылады.

Перейти к новостям спорта