Қазақстаннан бұл тізімге Сұлтан Рачузанов («Қозғал» фильмі), Бақытбек Адуов («Уақыттан кеткен қателік» фильмі), Зарина Мұхамедәлі («Таяқ» фильмі), Нұрмұхаммед Оразбеков («Құрбандар» фильмі), Азамат Баймұратов («Су оғы» фильмі) және Роман Затан («Жол» фильмі) ілікті. Сондай-ақ қысқа метражды фильмдер байқауының финалына Украина, Испания, Үндістан және АҚШ-тың жас режиссерлері жолдама алды.
Жеңімпаз 1-3 шілде күндері аралығында өтетін «Астана» кинофестивалі кезінде анықталады. Ал барлық фильмдерді 2 шілде күні «Азия парк» ойын-сауық кешеніндегі «Арман» кинозалында түнгі сағат 12:00-03:00 аралығында көруге болады.