Астана, Көкшетау, Қызылжар халқына бірнеше күн су болмайтыны жайлы жалған хабарлама таратылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана, Көкшетау, Қызылжар халқына бірнеше күн су болмайтыны жайлы жалған хабарлама таратылуда

Астана, Көкшетау, Қызылжар халқына бірнеше күн су болмайтыны жайлы жалған хабарлама таратылуда

Жалған лаңкестіктің  жаңа түрі! Астана, Көкшетау, Қызылжар халқына белгісіз біреулер  «шахарда бірнеше күн су болмайды»  деген СМС хабар таратқан. Жалған ақпарат қазір әлеуметтік желілерде де гулеп тұр.  Оған сенген кейбір тұрғындар тіпті жоспарлап қойған тойларынан да бас тартуға мәжбүр болған.

  • 15 Тамыз 2015
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бір қызығы, әлгі смс хабардың соңында «бұл ақпаратты міндетті түрде таныс-туыстарыңа таратыңдар»  деген ескерту де жазылған.  Бұған сенген Петропавлдағы   90 мыңнан астам тұтынушы  судың бірнеше күндік қорын жасап әлек.  Жыл сайын қалалық желілерді жуып-шаю үшін екі күнге су  беру тоқтатылатыны рас. Бірақ бұл шара биыл қыркүйекке жоспарланған екен.

Азамат Әсіреев,   «Қызылжар су» ЖШС  диспетчерлік қызметінің басшысы:

Тұрғындар дүрлігіп,  тыныштық бермей жатыр. Біздің диспетчерлер халықтан түскен қоңырауларға  жауап беріп үлгере алмауда. Бұл – алаяқтардың қастық әрекеті. Қазір біз  ішкі істер органдарына  осы мәселеге қатысты  шағым түсірдік.    

Соңғы жаңалықтар