«Астана» командасының велошабандозы «Тур де Франс» көпкүндігінің бастапқы кезеңінде 10-шы болып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» командасының велошабандозы «Тур де Франс» көпкүндігінің бастапқы кезеңінде 10-шы болып келді

«Астана» командасының велошабандозы «Тур де Франс» көпкүндігінің бастапқы кезеңінде 10-шы болып келді

Еліміздің «Астана» командасының өкілі Андрей Гривко «Тур де Франс-2012» супер-велокөпкүндігінің бастапқы кезеңінде 10-шы болып мәре сызығын кесті.

  • 1 Шiлде 2012
  • 459
Фото - Caravan.kz

Vesti.kz сайтының хабарлауынша, төртінші нөмермен жарыс жолына шыққан Украина чемпионы 7 минут 28 секунд уақыт көрсетіп, жарыс көшбасшыларының қатарына шығуға бірнеше мәрте мүмкіндігі болған. Дегенмен жарыс қорытындысында RadioShack-Nissan командасының мүшесі швейцарлық Фабиан Канчеллара үздік танылды. Ол 6,1 шақырымдық жолды 7 минут 13 секундта жүріп өтті. Екінші болып жеңімпаздан не бәрі 7 секунд қалып қойған Sky Procycling командасындағы британдық Брэдли Уиггинс келді. Жеңімпаз үштікті Omega Pharma-Quickstep командасының велошабандозы француздық Сильвен Шаванель тұйықтады.

«Тур де Франс-2012» бастапқы кезеңінің нәтижесі
Жеке жарыс. Льеж, 6,1 шақырым:
1. Фабиан Канчеллара (Швейцария, RadioShack-Nissan) — 0:07:13;
2. Брэдли Уиггинс (Ұлыбритания, Sky Procycling) +0:00:07;
3. Сильвен Шаванель (Франция, Omega Pharma-Quickstep) +0:00:07;
4. Тиджей ван Гардерен (АҚШ, BMC Racing Team) +0:00:10;
5. Эдвальд Боассон Хаген (Норвегия, Sky Procycling) +0:00:10;

10. Андрей Гривко (Украина, Pro Team Astana) +0:00:15;
32. Янец Брайкович (Словения, Pro Team Astana) +0:00:22;
66. Александр Винокуров (Қазақстан, Pro Team Astana) +0:00:26;
71. Фредрик Кесьякофф (Швеция, Pro Team Astana) +0:00:26;
102. Максим Иглинский (Қазақстан, Pro Team Astana) +0:00:32;
125. Дмитрий Фофонов (Қазақстан, Pro Team Astana) +0:00:36;
135. Борут Бозич (Словения, Pro Team Astana) +0:00:38;
141. Андрей Кашечкин (Қазақстан, Pro Team Astana) +0:00:39;
152. Роберт Кисерловски (Хорватия, Pro Team Astana) +0:00:42.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера