«Астана кубогы» үшін өткен велоспорт жарысы мәресіне жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана кубогы» үшін өткен велоспорт жарысы мәресіне жетті

«Астана кубогы» үшін өткен велоспорт жарысы мәресіне жетті

 Елордада шілденің 9-11 күндері "Сарыарқа" велотрегінде "Астана кубогы" үшін өткен велоспорт жарысы өз мәресіне жетті.

  • 13 Шiлде 2015
  • 449
Фото - Caravan.kz

Жалпы, жарыста 55 спортшы өзара шеберлік байқасты.

Жалпы, жарыста 55 спортшы өзара шеберлік байқасты.

Жасөспірімдер арасында "Б" тобындағы бәсекенің нәтижесі бойынша 1-орын Амир Богдановқа бұйырса, с 2-ші және 3-ші орындарды Кирилл Стрельченок пен Данил Потапенко еншіледі. Сондай-ақ, жасөспірімдердің "А" тобында Юрий Филатов жеңімпаз атанды. Қыздар арасында осы топтық жарыста Әнел Айзахметова топ жарды.

10 шілде күні өткен 2 км қашықтықты құраған жекелей сайыста жасөспірімдер арасында Юрий Филатов, осы топтағы қыздар арасында Карина Кулагина және Амелия Ысқақова жеңімпаздар қатарынан орын алды.

"Астана кубогы" үшін өткен веложарыс жеңімпаздары 19-24 шілде аралығында Астана қаласында "Сарыарқа" велотрегінде өтетін Қазақстан чемпионатында елорда намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды astana.kz.