Астана күні Алматыда да қызу тойланатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана күні Алматыда да қызу тойланатын болады

Астана күні Алматыда да қызу тойланатын болады

Жаз маусымының айрықша мерекесі - Астана күні бүгінде алматылықтардың да айтулы мейрамына айналып үлгерді. Ертең Астана күні Алматыда да қызу тойланатын болады.

  • 5 Шiлде 2011
  • 708
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақыттың өзінен Алматының барлық ауданында мерекеге дайындық жұмыстары басталып кетті.

Ертең қаланың әр жерінде түрлі мерекелік шаралар, эстрада жұлдыздары мен балалар шығармашылық топтарының қатысуымен концерттер, арнайы байқаулар мен сурет көрмелері, түрлі конкурстар мен викториналар, сонымен қатар арнайы дайындалған концерттік қойылымдар ұйымдастырылады.

Бұл күні сонымен қатар, «Туған күніңмен, Астана!» атты ән байқауы мен шахматтан жарыстар өтеді. Ал, қала балабақшаларында «Астанам-бас қалам», «Астана бойынша саяхат», «Астана- ақ ордам» атты тақырыптық сабақтар, «Астана-арман қала» атты ертеңгіліктер өтетін болады.

Басты шараның бірі Астана алаңында өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл жерде эстрада әншілерінің ән-шашуларын тамашалай алады. Мұнда өтетін музыкалы-би кешіне «Zaratushtra Band» оркестрі, Live band «Baсardi» тобы және арнайы Польшадан келген DJ Olo әншілері қатысады.

Сайыстар мен мерекелік шаралар кеш батқанша жалғасады.

Соңғы жаңалықтар