Астана күніне орай Есілдің сол жағалауында 50 киіз үй бой көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана күніне орай Есілдің сол жағалауында 50 киіз үй бой көтерді

Астана күніне орай Есілдің сол жағалауында 50 киіз үй бой көтерді

Астана күніне орай Есілдің сол жағалауында 50 киіз үй бой көтерді.

  • 30 Маусым 2011
  • 637
Фото - Caravan.kz


Астана күнін атап өту аясында жыл сайын ұйымдастырылатын «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты көшпенділер өркениеті фестивалі осымен төртінші рет өткелі отыр. Этно ауыл биыл «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінің маңында орналасты. Киіз үйлердің ішіне көшпенділердің тұрмыстық заттары, зергерлік бұйымдар, қолданбалы өнер туындылары, саятшылық және аңшылық өнердің нышандары қойылады. Үш күн бойы хан шатыры тәрізді пішінде құрылған сахнада этникалық музыка және күй кештері өтеді. Ауылға келген қонақтар көшпенділер өміріне өздері араласып, тікелей қатысу мүмкіндігін алады. Мысалға, атқа мініп, үй тігу, киіз басу процесстеріне араласуына болады. Фестивальға арнайы дайындалған жолсеріктер оларды есіктен кіргеннен сый-құрметпен күтіп алып, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қазақтың тарихы мен мәдениеті жайлы әңгімелейтін болады.

Келушілер сондай-ақ, ат құлағында ойнайтын шабандоз жігіттердің өнерін, қазақтың қыз ұзату, беташар, тұсау кесу, шашу, бесікке салу салт-дәстүрлерін, қазақтың ежелгі ұлттық киімдерімен таныстыратын театрландырылған қойылымдарды, айтысты және көшпелі цирк өнерін тамашалай алады.

Бүгін өткен баспасөз мәслихатында жоба жетекшісі, сценарийші Гүлмира Салықбаева атап көрсеткендей, биыл Астана күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік шаралар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына да арналып отырғандықтан, фестивальдің алғашқы күні (3-6 шілде аралығында өтеді) «Ереуіл атқа ер салмай» атпен ұлт-азаттық тақырыптағы жырларды орындаумен ашылады.

Соңғы жаңалықтар