Астана күніне орай ұйымдастырылатын концерттерге билеттердің сатылу қарқыны жоғары - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана күніне орай ұйымдастырылатын концерттерге билеттердің сатылу қарқыны жоғары

Астана күніне орай ұйымдастырылатын концерттерге билеттердің сатылу қарқыны жоғары

Астана күніне арналған мерекелік шараларды ұйымдастырушылар, әлемдік жұлдыздардың концерттерін тамашалағысы келетін азаматтарға билеттерді сатып алуға асығуға кеңес берді, себебі, олардың сөзідеріне қарағанда, кіру билеттері «ыстық бауырсақтай» жылдам сатылу үстінде.

  • 14 Маусым 2011
  • 653
Фото - Caravan.kz

Астанадағы мерекелік іс-шаралардың ресми сайтында жазылғандай, шілденің 3-і күні шымылдығын ашатын Сергей Безруковтың «Пушкин» спектакліне (билеттер құны 3 -15 мың теңге аралығында) және 5-і күні өтетін Лара Фабиан мен Игорь Крутойдың концертіне (3 -15 мың тг.) қазірдің өзінде билеттердің 30 пайызы сатылып кеткен.

Биыл Астана күні құрметіне ұйымдастырылатын ең қымбат концерт — британ рок жанрының патшасы, мегажұлдыз — Стингтің «Symphonicity» жеке концерті болмақ. Стингтің 4 шілде күні «Сарыарка» республикалық велотректе Сара Хикстің жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен беретін концертіне билеттерді 7 -100 мың теңге аралығындағы бағаға сатып алуға болады. Өнер сүйер қауым үшін әзірше, 10 мың және 50 мың теңге аралығында билеттер қол жетімді.

Астана күні құрметіне отандастарын өз өнерлерімен Қазақстанның танымал жұлдыздары да қуантатын болады. 1 шілде күні «Қазақстан» Орталық концерт залында Нұржамал Үсенбаева шырқаса, 2 шілдеде Конгресс-Холл сарайында өзінің әсем әндерін көрнекті әнші Роза Рымбаева тарту ететін болады. Билеттер бағасы 2 -6 мың теңге аралығында. Оларды қала кассаларынан немесе www.biletiastana.kz сайтында тапсырыс беру арқылы сатып алуға болады.

«Аталмыш шараларды тамашалағысы келетіндер ертерек қимылдағандары абзал. Себебі былтыр барлық концерттерге билеттер маусымның 25-інде сатылып болған», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Астанадағы мерекелік іс-шаралардың ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Тимур Бекмамбетовтың ұйымдастыруымен Астанада осымен екінші рет өткелі отырған «ASTANA» Халықаралық экшн-фильмдер кинофестиваліне барлық билеттер сатылып болды.

Соңғы жаңалықтар