Астана күніне Патрисия Каас, Таркан және бірқатар ресейлік жұлдыздар келмек - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана күніне Патрисия Каас, Таркан және бірқатар ресейлік жұлдыздар келмек

Астана күніне Патрисия Каас, Таркан және бірқатар ресейлік жұлдыздар келмек

Астананың 15 жылдық мерейтойына Ресей, Франция, Ұлыбритания мен Түркия әншілері шақырылды.

  • 20 Мамыр 2013
  • 713
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аталған мерекені атап өту және ұйымдастыру штабы төрағасының орынбасары Талгат Колбачаев мәлім етті.


Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар

«Биылғы жылдың Астана үшін маңызы зор. Аталған оқиғаның халықаралық маңыздылығын ескере отырып, биыл мерекеге қатысатын елдер көкжиегін кеңейттік. Онда біз үшін маңызды саналатын Түркия, Ресей, Франция мен Ұлыбританиядан келген қонақтардың арнайы бағдарламалары ұсынылады», — деді Т.Колбачаев дүйсенбі күні үкімет басшысының ресми сайтында жарияланған сұхбатында.
«Әлемдік эстрада жұлдызы Партисия Каас өзінің аудиторияға танымал әндерімен құттықтайды. Игорь Крутойдың қайталанбас әуендері, түрік жұлдызы Тарканның жалынды әуездері қала тұрғындары мен қонақтарды бей-жай қалдыра алмасы анық», — деді ол.

4-шілдеде Ресей эстрада жұлдыздарының «Астанаға тарту» атты гала-концерті өтеді.
Елорда күніне орай Астанада сазгер И.Крутойдың шығармашылық кеші өтеді. Кешті Николай Устюжанин жетекшілік ететін оркестр сүйемелдейді.

Концертке Валерия, Александр Серов, Лайма Вайкуле, Николай Басков, Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, Ирина Аллегрова сынды әншілер қатысады.

5-шілдеде елордалықтарды түрік әншісі Таркан құттықтайды.

6-шілдеде Қазақстан мен шетел жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өткізілмек.

Патрисия Каас болса 7-шілдеде жеке концерт береді.

Дегенмен, ұйымдастырушылар мерекелік іс-шаралар кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.

Перейти к новостям спорта