Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрлігі «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты кешегі оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.
“Қазір болған оқиғаға техникалық ақаулар, компания жабдықтарының жұмысына заңсыз араласу ықтималдығы секілді түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды”, – деп мәлімдеді ведомство.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
“Заңсыз әрекеттері үшін кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады”, – деп сендірді министрлік.
“27 қарашада Астанада LED-экрандардың бірінде көрсетілген тудың суреті қысқа уақытқа ауыстырылды. Бұл факті бойынша ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғады”, – деп мәлімдеді «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ.
Еске салайық, Астанадағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туы көрсетілген еді.