Жарияланды: 440

Астана маңында азық-түлік белбеуін дамыту үшін АШМ ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді несиелендіруді жеңілдетпекші

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі (ҚР АШМ) Астана маңындағы азық-түлік белбеуін дамыту үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді несиелендіру бағдарламасын қайта қарамақшы, деп ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков хабарлады.

«Өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біз субсидиялау мен несиелендіру бағдарламасын қайта қарауымыз керек. Яғни біз ол бағдарламаларды неғұрлым арзан және қол жетерлік етуіміз керек», - деді ол бейсенбі күні Астана маңындағы азық-түлік белбеуін дамытуға арналған кеңес қорытындысында журналистердің сауалына жауап беріп. Оның айтуынша, Қазақстан президентінің елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмасына сай, елорда маңында азық-түлік белбеуін дамытуда кешенді шаралар дайындалмақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін