Астана маңында азық-түлік белбеуін дамыту үшін АШМ ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді несиелендіруді жеңілдетпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана маңында азық-түлік белбеуін дамыту үшін АШМ ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді несиелендіруді жеңілдетпекші

Астана маңында азық-түлік белбеуін дамыту үшін АШМ ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді несиелендіруді жеңілдетпекші

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі (ҚР АШМ) Астана маңындағы азық-түлік белбеуін дамыту үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді несиелендіру бағдарламасын қайта қарамақшы, деп ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков хабарлады.

  • 30 Маусым 2011
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біз субсидиялау мен несиелендіру бағдарламасын қайта қарауымыз керек. Яғни біз ол бағдарламаларды неғұрлым арзан және қол жетерлік етуіміз керек», — деді ол бейсенбі күні Астана маңындағы азық-түлік белбеуін дамытуға арналған кеңес қорытындысында журналистердің сауалына жауап беріп.

Оның айтуынша, Қазақстан президентінің елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмасына сай, елорда маңында азық-түлік белбеуін дамытуда кешенді шаралар дайындалмақшы.