Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақ апаты бүгін, 2025 жылғы 22 маусымда сағат 11:30 шамасында болған.
«Жоламан әуеайлағы маңында (Астана қаласы) оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес, бортта екі экипаж мүшесі болған, олар опат болды», делінген ведомство түсініктемесінде.
Қазіргі уақытта оқиғаны тергеп-тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.