Жарияланды: 470

Астана мектептеріндегі медиация институты Қазақстанның өзге өңірлерінде де қолданылады

Астана мектептеріндегі медиация институты Қазақстанның өзге өңірлерінде де қолданылады.

Бұл туралы бүгін Астанада медиаторлар тәжірибесінің алғашқы қорытындылары шығарылған дөңгелек үстел барысында, жоба жетекшісі, «Астананың коммерциялық емес ұйымдарының форумы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Баян Ахметжанова мәлім етті. Былтыр күзде «Бота» қоғамдық қорының қаржыландырылуымен қолға алынған бағдарлама аясында медиаторлар орталығы қаланың 3 мектебінде ілкі жоба ретінде іске асырылған болатын. Бұл жұмысқа елордадағы 20-ға тарта үкіметтік емес ұйым тартылып, елорда мектептерінің бірқатар ұстаздары арнайы курстардан өткен. Баян Ахметжанованың айтуынша, қазақстандық медиаторларды Испания мен Болгария елдерінің белді университеттерінен келген мамандар даярлаған. «Алғашқы жартыжылдық жұмыстың қорытындылары көңіл көншітерлік. Енді бұдан былай тәжірибе ретінде елорданың 3 мектебінде енгізілген жобаны басқа өңірлерге де тарата бастаймыз», - деді ол. Қатысушылар медиация институтының енгізілуі кәмелетке толмағандар арасындағы үдеп бара жатқан қылмыстық оқиғаларды азайтып, балалардың бір-бірімен қарым-қатынасында шиеленістердің төмендеуіне септігін тигізеді деп отыр. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде елімізде медиация институтын енгізуге бағытталған «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны белгілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін