Астана мен Алматы мектептерінде жүзу пәні енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
0 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматы мектептерінде жүзу пәні енгізіледі

Астана мен Алматы мектептерінде жүзу пәні енгізіледі

Қазақстан мектептерінде жүзу пәні 2026 жылы пилоттық жоба ретінде енгізіледі

  • 4 Қараша 2025
  • 4
ФОТО: Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Оқу-ағарту министрлігі ең алдымен жобаны Астана мен Алматы мектептерінде сынақтан өткізіп, кейін басқа қалаларға енгізуді жоспарлап отыр.

Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе отырып, жүзуді дене шынықтыру жүйесіне енгізетін және оны мектептегі дене тәрбиесі пәнінің құрамдас бөлігіне айналдыратын арнайы бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жоспарланып отыр, – деп атап өтті Баландин.

Айтуынша, жобаны жүзеге асыруға елдегі инфрақұрылым жеткілікті – бүгінде олимпиадалық деңгейдегі бассейндер де бар. Сондай-ақ бұл бастама АҚШ, Австралия және Венгрияның тәжірибесіне негізделген. Бұл елдерде балаларды жүзуге үйрету мектеп жүйесінің міндетті бөлігі болып саналады және ол бұқаралық спорттың дамуына әрі судағы қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.