ТЖМ мәліметінше, Астана қаласының Сарыарқа ауданында Астана - Көкшетау айналма жолының 30-шы шақырымында 22 қыркүйекте сағат 01.25-те "Ауди" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі бағанды соға көлігін аударып алды.
Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырып, оның төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ, Алматы облысының Іле ауданында Ащыбұлақ-Көкқайнар автожолының 4-ші шақырымында 21 қыркүйекте сағат 14.30-да "Мерседес" және "Ауди" көліктері соқтығысты.
Соның салдарынан "Мерседес" көлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен оның 16 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, "Мерседесте" отырған тағы бір бозбала ауруханаға жатқызылды.