Жарияланды: 510

Астана мен Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана мен Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана қаласында Абай даңғылы мен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында 7 қазан күні сағат 10.04-те "Тойота" және "Фольксваген" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан "Фольксваген" жүргізушісі мен оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Сонымен бірге, Алматы облысының Панфилов ауданында Жаркент - Леснова тас жолының 7-ші шақырымында 7 қазанда сағат 03.00-де "Тойота" көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан 37 жастағы көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, оның екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін