Астана мен Алматы қалаларында 12.12.12-де үш жүзге жуық жұп некеге тұрды
Астана мен Алматы қалаларында 2012 жылдың 12 желтоқсанында үш жүзге жуық жұп некеге отырған. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Астанада 139 неке тіркелді. Жай күндері елордада шамамен 70-80 жұп тіркеледі. Бұл сәрсенбі күн болса да, адамдар ерекше датады некеге тұруды қалаған. Алматыда сәрсенбі күні 153 жұп некеге тұрды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін