Астана мен Алматы қалаларының әкімдері ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматы қалаларының әкімдері ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана мен Алматы қалаларының әкімдері ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астана мен Алматы қалаларының әкімдері 3 қарашада ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 530
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана және Алматы қалаларында сәйкесінше Алматы және Астана қалалары әкімдіктерінің өкілдіктері болады. Мұндай ұйғарым 2008 жылдың 3 қарашасында әкімдер Иманғали Тасмағамбетов пен Ахметжан Есімов қол қойған екіжақты ынтымақтастық туралы келісімнің бір бабына кіргізілген.

Келісім Қазақстанның елордасы мен еліміздің ең ірі қаласының әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ, өзара ынтымақтастықты тәжірибе алмасу жолымен кеңейтуге бағытталған. Мұндай келісімге келу мүмкіндігі ҚР «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңында қаралған.

Келісімде Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің әлеуметтік, мәдени және экономикалық даму; сәулет-қала құрылысы қызметі; кәсіпкерлік қызметін дамыту; көлік, коммуникациялық және энергетикалық инфрақұрылым; нормалық шығармашылық қызметі; қалалар аумағындағы қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; аграрлық сектор, жер, су қатынастары және өзге де бағыттағы ынтымақтастығы көрсетілген.

Тараптардың ынтымақтастығы ақпараттық алмасу, жобаларды біріге отырып жүзеге асыру, семинарлар, көрмелер және экспозицияларды ұйымдастыру арқылы іске асырылатын болады. Сонымен қатар Алматы және Астана әкімдіктері өздерінің құрылымдық бөлімшелерін кадрлармен қамтамасыз ету, олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ құралдармен және материалдық қорлармен жасақтау мәселелері бойынша бір-біріне көмек көрсетіп отыруды жоспарлап отыр. Келісімде сонымен қатар екі қала тұрғындарына құқықтық сұрақтарды шешуде көмек көрсету қарастырылған.

Астана және Алматы әкімдіктері тікелей уағдаластыққа қол жеткізген жағдайда бірлескен бағдарламалар жасайды, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін администраторлар белгілейді. Оған қоса тараптар инвестициялар тартуда және жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында ынтымақтастық орнатуда біріне-бірі ықпалдастық көрсетеді. Сонымен қатар, өзара уағдаласу арқылы тараптардың бірі өз серіктесіне қабылданған келісімді жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша өз атынан кеңестер өткізу құқығын береді.

Келісімге сәйкес, өзге ұағдаластықтарға қол жеткізілмеген жағдайда, тараптар осы келісімнің ережелерін іске асыруға қатысты іс-шараларға қатысуға бағытталған шығындарды өз бетінше өтейтін болады.

Келісімге сәйкес, Астана әкімдігінің өкілдігін Алматыда орналастыруды алматылық әкімдік қамтамасыз етеді. Дәл осындай жұмысты Қазақстан елордасында Астана әкімдігі жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар