"Астана мен Алматыда 50-ден астам гей клуб бар" - Бағила Балтабаева - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астана мен Алматыда 50-ден астам гей клуб бар" - Бағила Балтабаева

"Астана мен Алматыда 50-ден астам гей клуб бар" - Бағила Балтабаева

Қазақстан ата-ана одағының төрайымы Бағила Балтабаева Астана мен Алматыда 50-ден астам гей клуб барын айтты.

  • 18 Сәуiр
  • 103
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Sadaq Media Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Алматыда ең бірінші гей клуб 1995 жылы ашылған екен. 30 жыл өтіп кеткен. 1992 жылы Usaid басқалары кіріп келді. 1995 жылы алғашқы гей клуб сол кезде ашылса, 30 жылдың ішінде біз бүгінгі деңгейге жеттік. Егерде біз көрсек көрмегендей, естісек естімегендей болсақ «жаман нәрсені айтпа, тарап кетеді» деп бұрынғы қазақы дүниемен осы уақытқа дейін үндемей келдік. 30 жылдың ішінде біз қандай деңгейге келдік? Басқа қалаларды алмай-ақ қояйын. Астана мен Алматыда түнгі гей клубтар қанша? Тек Алматы мен Астананы санасақ 50,60-қа барып қалатын шығар. Мынау клуб деп нүктесіне дейін білмесем де бірақ сұрастырып ақпараттар жинап жүрмін. Шамамен сондай болып қалды деп айтты», — деді Бағила Балтабаева.

Сондай-ақ, ол сұхбат барысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтым Нүкенов туралы да айтты.

Подкаст жүргізушісі Айтым Нүкеновтің ЛГБТ мүшесі деген ақпарат тарағанын айтты.

«Олай да болуы мүмкін. Түр келбетіне қарап нақты сен мынадайсың деп айта алмайсың. Бірақ, шамамен сондай болуы мүмкін деген ой келеді. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген сөз бар. Кім біледі?! Олай да болуы мүмкін. Бірақ бұл кісі Шерзаттың ісімен айналысамын деп, бірақ әріқарай бас тартып, өздерінің ішінде шым-шытырақай бір дүниелер болып жатыр. Бұл қор да батыстан грант алуы мүмкін. Мен де сондай күдік бар. Мұндай ұйымдарды батыс бейжай қалдырмайды. Батыс тіпті осындай ұйымдарға барлық мүмкіндіктерді жасап әкелуі мүмкін», — деді Бағила Балтабаева.