Астана мен Алматыда ақылы жолдардың баға­сын әкімдіктер белгілейді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматыда ақылы жолдардың баға­сын әкімдіктер белгілейді

Астана мен Алматыда ақылы жолдардың баға­сын әкімдіктер белгілейді


 Астана мен Алматы қалаларында жолдардың бірқатарын ақылы ету көзделіп отыр және олардың бағасын жергілікті әкімдіктер белгілейді.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 468
Фото - Caravan.kz


    «Жол-көлік инфрақұрылымы, көліктік логистика және әуе тасымалы туралы бірқатар заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі» заң жобасында осындай норма қарастырылған.
«Әзірге біз баға белгілеу құқын Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне беріп отырмыз. Қандай көшелерді ақылы ету қажеттігін және төленетін ақы мөлшерін де қос қаланың әкімдіктері өздері белгілейді. Бұған дейін мұның бәрін ұлттық оператор – «ҚазАвтоЖол» шешетін», — деп дүйсенбі күні мәжіліс депутаттарын заң жобасымен таныстырған Инвестиция және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов мәлімдеді.
Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі ақылы жолдарда көлік жүргізушілеріне арнап абоненттік төлем енгізу ұсынылып отыр.
«ҚазАвтоЖол» барша тұрғындарға абоненттік төлем жүйесін енгізуді ұсынып отыр. Мәселен, 90, 120, 360 күннің ақысын төлеген адам шлагбаумның алдында тоқтамай өте береді. Жүйе оны нөміріне қарап анықтап, өткізіп тұратын болады», — деді хатшы.
Сондай-ақ, ұлттық оператордың өзін-өзі қаржыландыруға көшірілетіні белгілі болды.
«Бес жыл бойы (…) онда орасан зор инвестиция тартылды: оның ішінде грант та, қайтарымсыз берілген ақша да бар. (…) бұдан былай ұлттық оператордың қолын байлаймыз. Әрі қарай ақшаны өзі табады», — деп түсіндірді З.Сағынов.
«Жолдарды басқаратын жалғыз ұлттық оператор болады. Комитет тек жол қозғалысын ұйымдастыру саясатымен айналысады», — деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар