Астана мен Алматыда он үш адам көмірқышқыл газынан уланды, олардың бесеуі қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматыда он үш адам көмірқышқыл газынан уланды, олардың бесеуі  қайтыс болды

Астана мен Алматыда он үш адам көмірқышқыл газынан уланды, олардың бесеуі қайтыс болды

АСТАНА. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Астана мен Алматыда өткен тәулікте он үш адам көмірқышқыл газынан уланды, олардың бесеуі қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Ақпан 2007
  • 447
Фото - Caravan.kz

Екі қайғылы оқиға Елордасының Оңтүстік-Шығыс ықшамауданында болған. Бір жай үйде екі адам көмірқышқыл газынан уланған. Екеуі де ауруханаға жатқызылды. 10 минуттан кейін тағы да осы ауданнан ауруханаға үш адам жеткізілді.

Астананың Сарыарқа ауданында бес адам көмірқышқыл газынан уланды. Олардың үшеуі жедел жәрдем тобы жеткенше қайтыс болған. Мәселен, Чехов көшесіндегі жай үйде 19 жастағы жігіт мерт болса, Затаевич көшесіндегі бір үйде екі адам көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.

Төрт жағдайда да көмір жағатын пештің ақауы оқиғаға себеп болған.

Ал Алматыда үш адам көмірқышқыл газынан уланды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Әйгерім ықшамауданы Ақатаев көшесіндегі жай үйде көмір жағатын пештің ақауынан екі адам уланып, оқиға орнында қайтыс босла, тағы бір адам ауруханаға түсті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті