Астанада мерейтойлық онкүндік Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильмдер циклі» және «Қазақ киносының антологиясы» фильмдерінің DVD-де шыққан нұсқасын таныстырумен басталады.
Онкүндік аясында көрермендер назарына «Бәйтерек», «Жиде. Кешіккен махаббат», «Серпін», «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Ликвидатор», «Біржан сал», «Жерұйық», «А-ға» оралу», «Балалық шағымның аспаны» фильмдері ұсынылады.
Алматының көрермендеріне онкүндік кезеңінде «Қазақфильм» АҚ соңғы жылдар ішінде Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығы мен өміріне арнап түсірген деректі фильмдер ұсынылмақ. Барлық фильмдерге кіру тегін.
Әр көрсетілімнің алдында картиналардың авторлары және шығармашылық топпен кездесулер ұйымдастырылады.