Астана мен Алматыда жүргізушісіз көліктер жүретін болады  - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматыда жүргізушісіз көліктер жүретін болады 

Астана мен Алматыда жүргізушісіз көліктер жүретін болады 

Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісіз такси жобаларын іске қосу жоспарлануда.

  • 16 Ақпан
  • 2
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап .

Елімізде жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізу басталады.

Қалалық мобильдік пен логистика бағытында бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісіз такси жобаларын іске қосу жоспарлануда. Ұзақ мерзімде қарастырсақ бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жүргізушісіз такси іске қосылатынын хабарлаған болатынбыз.