Астана мен Баку екі жақты экономикалық ынтымақтастық деңгейіне қанағаттана алмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Баку екі жақты экономикалық ынтымақтастық деңгейіне қанағаттана алмайды

Астана мен Баку екі жақты экономикалық ынтымақтастық деңгейіне қанағаттана алмайды

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Астана мен Баку екі жақты экономикалық ынтымақтастық деңгейіне қанағаттана алмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2006
  • 363
Фото - Caravan.kz



«Қазіргі ахуал екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті толыққанды іске қосылған деп айтуға мүмкіндік бермейді»,- деп мәлімдеді бүгін ҚР индустрия және сауда министрлігінің инвестициялық жөніндегі комитетінің төрағасы Тимур Нұрашев Қазақстан-Әзербайжан форумы барысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда Әзербайжанның қатысуымен құрылған 184 кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл қорытындысы бойынша тауар айналымы 147 млн. доллардан асады деп күтілуде. Ал Қазақстанның импорты 56 млн. долларға жуық.

Өз тарапынан Әзербайжанның экономикалық даму министрі Гейдар Бабаев «өзара саяси қарым-қатынастың кереметтігіне қарамастан, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық тиісті деңгейде емес», деп мойындады.

Ол «тараптар осындай жағдайда жақсартуға бар күшін салатын болады» деп сендірді.

«Біздің Астанаға сапарымыз бұған дәлел. Және біз дәл осындай делегацияны Әзербайжанда да қарсы алуды қалаймыз»,- деді Г.Бабаев.

Әзербайжандық министрдің пайымдауынша, «қуат көздерін Еуропаға тасымалдау саласындағы біздің ынтымақтастығымыз айрықша маңызды. Тек біз үшін ғана емес, Еуропа үшін де бұл аса маңызды. Біз екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуын қалаймыз»,- деді Г.Бабаев.

Перейти к новостям спорта