«Маусым айында ШЫҰ саммиті кезінде біз Қытаймен экология жөнінде тағы бір келісім бекітеміз. Бұл өте маңызды келісім. Сол арқылы Қазақстан да, Қытай да үлкен жауапкершіліктерді өз мойнына алады», — деді ол жұма күеі журналистерге.
Бұрын хабарланғандай, ақпан айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға ресми сапары кезінде екі ел арасында трансшекаралық өзендердегі су сапасын қорғау туралы үкіметаралық келісім бекітілген болатын.
ШЫҰ саммиті 15-маусым күні Астанада өтеді.