Астана мен Лондон қатынастары нығая түсті (ВИДЕО)

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне ресми сапары 2 қарашада басталды. Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Премьер-Министрі Д.Кэмеронмен, ІІ Елизавета Патшайыммен, сондай-ақ жетекші британдық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді.

Сонымен бірге, Н.Назарбаев қазақстандық-британдық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның ІІ отырысы ашылуына қатысты.