Астана мен Мадрид қылмыспен бірлесіп күреседі
Испания мен Қазақстан қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету саласындағы конвенцияға қол қойды. |
Қазақстан жағынан құжатқа бас прокурор Асхат Дауылбаев, Испания жағынан елші Альберто Антон қол қойды.
Сондай-ақ, Испания корольдігі үкіметінің төрағасы Хосе Луис Родригес Сапатероның ресми сапары барысында екі ел үкіметтерінің арасында қылмыспен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжатты ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен елші Альберто Антон қолдарын қойып, бекітті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін