Астана мен Мәскеу одақтастық туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Мәскеу одақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана мен Мәскеу одақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана мен Мәскеу тату көршілік пен одақтастық туралы жаңа келісімге қол қойды. Осы сағаттарда Екатеринбург қаласында Қазақстан-Ресей шекаралық өңірлерінің 10-шы форумы өтіп жатыр. Оған қос мемлекеттің президенттері қатысып, өзара байланыстың келешегін талқылады.

  • 12 Қараша 2013
  • 218
Фото - Caravan.kz


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Бір-бірімен шектесетін аймақтардың сауда- саттығы қазір қарқынды дамып келеді. Кеден Одағы да осы алыс- берістің негізінде құрылған еді. Енді жаңа интеграциялық бастамалар аясында тығыз жұмыс істеуге мүдделіміз.

Жиі жүздесетін Назарбаев пен Путин енді өзара байланыстың жаңа сатыға  көтерілгенін мәлімдеді. Себебі сауда саттық көлемінің 70 пайызын осы шекаралық өңірлерге тиесілі. Президенттер бұл межені әлде де көтеруге уағдаласты. Басқосуда Кеден одағы арасындағы түйткілдер де назардан тыс қалған жоқ. Тараптар оны келісім арқылы шешу керек деген тоқтамға келді. Ал келесі жолғы форум 2014 жылы Атырау қаласында өтетін болып шешілді.