Астана мен Пекин темір жол транспорты саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Пекин темір жол транспорты саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана мен Пекин темір жол транспорты саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Пекинде Қытай мен Қазақстанның темір жол транспорты саласындағы ынтымақтастығы туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды,- деп хабарлайды Синьхуа ақпараттық агенттігі.

  • 18 Мамыр 2004
  • 550
Фото - Caravan.kz

Қытай жағынан құжатқа темір жол министрі, ал Қазақстан жағынан көлік және коммуникация министрі қол қойды.

Кеше, 17-мамыр күні кешке Халық жиналыстары сарайында болған салтанатты шараға ҚХР-ның төрағасы Ху Цзиньтао мен Қытайда төрт күндік ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Қол қойылған құжатқа сәйкес, тараптар темір жол тасымалы саласындағы ынтымақтастықты екі мемлекет бірдей біріккен халықаралық конвенциялар мен екі ел заңдарына сәйкес өзара теңдік және тиімділік принципі негізінде дамытатын болады.
Тараптар екі ел арасындағы халықаралық тікелей жолаушы және жүк тасымалы, транзитті көлік және жүк тасымалы салаларында ынтымақтасумен бірге, екі ел арасындағы тікелей контейнер тасымалы мен транзиттік тасымалға ықпалын тигізбекші.
Келісім міндеттерін жүзеге асыру және жылдық іс-шаралар жоспарын дәйектеп отыру үшін екі жақ өкілдері жылына бір мәрте екі елде кезекпе-кезек кездесулер өткізетін болады.