Астана мен Семейде асыл тұқымды мал шаруашылығына арналған аймақтық семинар-кеңестер өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Семейде асыл тұқымды мал шаруашылығына арналған аймақтық семинар-кеңестер өткізілді

Астана мен Семейде асыл тұқымды мал шаруашылығына арналған аймақтық семинар-кеңестер өткізілді

Астана мен Семейде асыл тұқымды мал шаруашылығына арналған аймақтық семинар-кеңестер өткізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Наурыз 2004
  • 775
Фото - Caravan.kz

Семинар-кеңестерді өткізудегі басты мақсат — асыл тұқымды мал шаруашылығының қазіргі ахуалы туралы, сондай-ақ, мал шаруашылығы өнімдерін сату мен өндірудің 2010- жылға дейінгі басым бағыттары туралы талқылау, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субьектілерді аттестациялау қорытындысын шығару болмақ.

Семинарға ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің аумақтық мекемелерінің басшылары, облыстық ауылшаруашылығы басқармаларының басшылары, республикамыздың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіндегі шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Семинарларда ҚР асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша бас мемлекеттік инспектор Совет Сәттіғұл мен жетекші асыл тұқымды мал зауыттарының басшылары асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қазіргі ахуал, еліміздің мал шаруашылығы саласын сапалық тұрғыда қайта құру жолдары, ішкі және сыртқы рынокта бәсекелестікке түсе алатындай мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және сатуға қатысты жаңаша көзқарастар, Мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, семинарда асыл тұқымды мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және сатумен шұғылданатын субьектілердің жұмыс қорытындысы шығарылды. Кеңесте атап көрсетілгеніндей, елімізде асыл тұқымды мал түрлерінің түлік саны арту, асыл тұқымды мал төлдерін өсіру және оларды сату көлемінің ұлғаю, асыл тұқымды аналық малды жасанды жолмен ұрықтандыру көрсеткішінің арту ағымы тұрақтана түскендігі тілге тиек етілді. Соңғы жылдарда саладағы ахуал әжептәуір жақсара түсті. Асыл тұқымды мал шаруашылығын құқықтық-нормативтік тұрғыда қамтамасыз ету жұмысы аяқталды.

Соңғы жаңалықтар