Жарияланды: 330

Астана мен Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, бесеуі жараланды

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астана мен Жамбыл облысында болған жол апаттарынан бір адам қаза тауып, бесеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада 18 қарашада сағат 18.40-та №23 және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында "БМВ" көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жарақат салдарынан 37 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Сонымен бірге, 18 қарашада сағат 07.00-де Жамбыл облысының Жуалы ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 555-ші шақырымында "Ауди" көлігінің 26 жастағы жүргізушісі "Тойота" көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін