Астанада 18 қарашада сағат 18.40-та №23 және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында "БМВ" көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жарақат салдарынан 37 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты.
Сонымен бірге, 18 қарашада сағат 07.00-де Жамбыл облысының Жуалы ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 555-ші шақырымында "Ауди" көлігінің 26 жастағы жүргізушісі "Тойота" көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.