Астана мерекесін ұйымдастырушылар құбылмалы ауа райына алаңдаулы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мерекесін ұйымдастырушылар  құбылмалы ауа райына  алаңдаулы

Астана мерекесін ұйымдастырушылар құбылмалы ауа райына алаңдаулы

Бас қалада туған күнге даярлық басталды. Астана тұрғындары мен қонақтарын биыл Сара Брайтман, Стинг, Лара Фабиан сынды әлем эстрадасының жұлдыздары қуантатын болады. Отандық өнер майталмандары да елорда күніне  барынша күш-жігерлерін салмақ. 

  • 1 Шiлде 2011
  • 429
Фото - Caravan.kz

Ал әзірге әр жерде сахналар құрылып, әзірлік шаралары қарқынды жүргізіліп келеді.  Артистер қойылымдарын пысықтап, жұмысшылар қажетті жабдықтарды дайындап жатыр. Ата-баба дәстүрін сипаттайтын ежелгі қалашық бой көтеріп үлгерді. Мейрам кезінде мұнда ұлттық тағамдардан тегін дәм татуға болады. Кино фестивалі, цирк, театр, опера, балет қойылымдары, спорттық сайыстар, аспан астындағы концерттер мен көрмелер – барлығы алдағы күндердің еншісінде. Мерекеге  орай арнайы сайт та ашылды. «Аstana2011.kz» адресі бойынша жоспарланған іс-шаралар, мәдени орындарға жету жолдары мен билеттердің құны туралы толық ақпарат алуға болады. Ұйымдастырушылар тек құбылмалы ауа райына алаңдаулы.


Гүлнәр Салықбаева
, ұйымдастырушы:

— Қазірдің өзінде біраз қиындықтар бар, жаңбыр жауып, тігіліп қойған киіз үйлер су болып, ішіндегі суды сорып, еңбектеніп жатырмыз.  Жылда  күн ашық болатын. Соған сеніп отырмыз.

Соңғы жаңалықтар