Астана мерекесінде елордадағы перзентханаларда 74 сәби дүниеге келді
![]() |
6 шілде - Астана күні мерекесінде елордадағы перзентханаларда 74 сәби дүниеге келді. |
Атап айтқанда, Астана қаласының Перинаталдық орталығында мереке күні 17 бала дүние есігін ашса, № 3 перзентханада 23 ана босанған. Ал қаланың №1 перзентханасында бұл күні дүниеге келген баралар саны - 27 болса, Ана мен бала орталығында 7 ана босанған. Осылайша, жалпы елорда бойынша қала күнінде дүниеге келген бөбектердің саны 74 -ті құрап отыр. Бас шаһарда орташа есеппен жылына 16 мыңға тарта бала өмірге келетінін ескерсек, мамандар мереке күні дүние есігін ашқан сәбилердің санын жоғарғы көрсеткішке балап отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін