«Астана Опера» Парижді өнерімен тәнті қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» Парижді өнерімен тәнті қылды

«Астана Опера» Парижді өнерімен тәнті қылды

«Астана Опера» Париждегі әлемге танымал "Бастилия Операсында» концерт қойды, деп хабарлайды аталған өнер ордасының баспасөз қызметі хабарлайды.

  • 5 Қараша 2014
  • 412
Фото - Caravan.kz

«Астана Опера» Парижге жұлдыз қонақтарды және ұлттық сарын көрініс тапқан өзгеше концерттік бағдарлама дайындаған еді. Қазақстандық ұжымның өнерін тамашалауға классикалық музыканы сүйер қауым, белгілі хореограф Анжелен Прельжокаж бен аты аңызға айналған Пьер Карден бастаған күллі өнер саласының зиялы қауымы, атақты кісілер, айтулы суретшілер мен парфюмерлер, музыка сыншылары тамашалауға келді.

Париждің БАҚ өкілдері концерт басталмас бұрын «Астана Опера» әртістері мен театр директоры Төлеген Мұхамеджановқа концерттік бағдарлама және труппаның құрамы жайлы сұрақтарын жаудырып жатты. Директор оларға толыққанды жауап берді. 

Концерт А. Мұхитдиновтің басшылық етуімен Е. Рахмадиевтің «Құдаша Думан» шығармасымен басталды. Одан кейін заманымыздың жас Паганиниі атанған Ержан Күлібаев өзінің өңдеуіндегі Н. Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы аңызын» асқан шеберлікпен орындады. С. Рахманиновтің фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерті, до минор, ор.18 орындаған кештің жұлдыз қонағы Денис Мацуевті көрермен ерекше ықыласпен қарсы алды.

Бұдан кейін шағын үзіліс болып, тыңдарман өз әсерімен бөлісіп үлгерді.

Келесі бөлім Дж. Вердидің «Аттила» операсының концерттік нұсқасымен жалғасты. 


Бас партияда Аттиланы әлемнің үздік бас дауыс иелерінің бірі Елдар Әбдіразақов орындаса, Одабелланы қазақтың жас әншісі, ғажап әсем дауысты Жұпар Ғабдуллина шырқады. «Астана Опера» төрінде өнер көрсетуге шақыртылған итальяндықтар — Альберто Газале мен Массимо Джиордано болса Эцио мен Форестоның партиясын сомдады.
«Астана Опера» Парижді өнерімен тәнті қылды

«Астана Опера» Парижді өнерімен тәнті қылды

«Астана Опера» Парижді өнерімен тәнті қылды

«Астана Опера» Парижді өнерімен тәнті қылды

«Астана Опера» Парижді өнерімен тәнті қылды

«Астана Опера» Парижді өнерімен тәнті қылды

Перейти к новостям спорта