«Астана Опера» сахнасында бірегей камералық дуэт өнер көрсетеді (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» сахнасында бірегей камералық дуэт өнер көрсетеді (ФОТО)

«Астана Опера» сахнасында бірегей камералық дуэт өнер көрсетеді (ФОТО)

 Жұлдызды дуэт Ермек Құрманаев (виолончель) пен Арман Тілеубергенов (фортепиано) елордалық тыңдарман алдында 19 наурызда «Астана Опера» театрының Камералық залында өнер көрсетеді.

  • 18 Наурыз 2015
  • 341
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның алтын виолончелі» атанған Ермек Құрманаев пен әлемге танымал пианиношы Арман Тілеубергенов дуэт құрып, өздерінің Астанадағы концерттерін өткізеді. Музыканттардың шеберлігіне түрлі жылдары Франция, Италия, Алмания, Ресей, Түркия, Венгрия, Чехия, Австрия, Испания және Португалия елдерінде көрермен тарапынан жоғары баға берілді. Аталған орындаушылардың қатысуымен өткен концерттер «Mezzo» (Франция) және «Культура» (Ресей) сияқты әлемнің үздік телеарналары, сонымен қатар отандық — «Хабар», «Қазақстан», «Білім және мәдениет», «Сaspionet» арналары арқылы көрсетілді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Жыл басы — Наурыз мерекесі қарсаңында музыканттар елорда тұрғындары мен қонақтарына И.С. Бах, Ф. Шуберт және Р. Шуманның шығармаларынан ұсынылатын тамаша бағдарлама әзірлеп отыр.  


2756589

Перейти к новостям спорта