«Астана Опера» сахнасында Үлкен театрдың солисті Павел Черных ән шырқайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» сахнасында Үлкен театрдың солисті Павел Черных ән шырқайды

«Астана Опера» сахнасында Үлкен театрдың солисті Павел Черных ән шырқайды

Еңбек сіңірген әртісі, Үлкен театрдың солисті Павел Черных (баритон, Мәскеу) 4 шілдеде «Астана Опера» театрының Камералық залында «Сол бір ғажап сәт есімде» атты концерт береді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

  • 29 Мамыр 2014
  • 501
Фото - Caravan.kz


Концерт А.С. Пушкиннің 215 жылдығына және М.И. Глинканың 210 жылдығына арналады. Бағдарламада А.С. Пушкиннің «Бойымда қалау оты лаулайды…», «Күдік», «Инезилья, мен мұндамын…», «Адель» және Г.В. Свиридовтің «Шымқай қызыл киімін орман шешкенде», «Қысқы жол» және басқа өлеңдерге жазылған М.И. Глинканың әйгілі шығармалары шырқалады.
«Пушкин мен Глинка — орыс өнерінің қос данышпан суретшісі. Шабытқа малынып, жоғары қарапайымдылықпен орындалған романстың музыкасы шыңдалған, мінсіз орындауды талап етеді. Әр романс өзінің поэтикалық бейнесін паш етеді. Айталық, «Бойымда қалау оты лаулайды…» романсы ынтызар бейнені, сезімдер арпалысын жеткізуді талап етеді», — деп атап өтті музыкалық кеңесші, концертмейстер Раушан Бескемпірова.

Үлкен театрдың жетекші баритондарының бірі болып табылатын Павел Черных Қазақстанда бірнеше рет өнер көрсетті, алайда «Астана Опера» сахнасына алғашқы рет шыққалы тұр. «Романсты шырқау — нюанстарды, көңіл-күйді жеткізуді қажет ететін өте нәзік жұмыс. Біз Глинканың терең ойға батыратын стилін жеткізуіміз қажет, бір сөзбен айтқанда, бұл туындыларды автордың ойындағыдай етіп екінің бірі орындай алмайды, бірақ Павел Черныхтың вокалдық мүмкіндігі мен техникалық шеберлігі аталған романстардың сәтті шырқалуын қамтамасыз етеді», — деп жалғастырды Раушан Бескемпірова.

Павел Черных Мәскеуде дүниеге келген. 1987 ж. Мәскеудің П. И.Чайковский ат. мемлекеттік консерваториясын (Евгений Нестеренконың класы) тәмамдаған. 1988 ж. Үлкен театрдың стажерлар тобына алынып, 1990 ж. бастап опералық труппаның солисті. Үлкен театрдағы оның репертуары алуан-түрлі: Пролог, Сильвио (Р. Леонкаваллоның «Сайқымазақтар»), Евгений Онегин (П. Чайковскийдің «Евгений Онегин»), Елецкий, Томский (П. Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі»), Валентин (Ш. Гуноның «Фауст»), Энрико (Г. Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур»), Жорж Жермон (Дж. Вердидің «Травиата»), Роберт, Эбн-Хакиа (П. Чайковскийдің «Иоланта»), Панталон, Леандр (С. Прокофьевтің «Үш апельсинге деген махаббат»), Құда (А. Даргомыжскийдің «Су перісі»), Набукко ( Дж. Вердидің «Набукко») және басқалары.

Концерт Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязованың (сопрано), «Астана Опера» симфониялық оркестрі әртістерінің қатысуымен өтеді. Концертмейстер — Халықаралық конкурстардың лауреаты Раушан Бескемпірова.

Концерттің басталуы 19:00, билет бағасы — 1 500 теңге.

Перейти к новостям спорта