"Астана Опера" театрынан адамдарды шұғыл сыртқа шығарды (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астана Опера" театрынан адамдарды шұғыл сыртқа шығарды (видео)

"Астана Опера" театрынан адамдарды шұғыл сыртқа шығарды (видео)

Куәгерлер елордадағы "Астана Опера" театрының ғимаратынан адамдарды эвакуациялап жатқанын хабарлады. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

  • 29 Желтоқсан 2021
  • 10
Фото - Caravan.kz

фишаға сәйкес, 29 желтоқсан сағат күндізгі он екіде театрда балаларға арналған "Щелкунчик" спектакль-балеті басталуға тиіс еді.

Адамдарды шұғыл сыртқа шығарып жатқаны туралы ақпаратты "Астана Опера" театры растады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 желтоқсан 11:45-те әкімшілікке қолдан жасалған жарылғыш зат болуы мүмкін деген хабар түсті.

Театр ұжымы мен көрермендер дереу ғимараттан шығарылды. Қазіргі таңда құқыққорғау органдарының қызметкерлері құрылғыны сараптамадан өткізіп жатыр, деп нақтылады "Астана Опера" театрындағылар.

"Біз балаларға арналған "Щелкунчик" балетіне келген едік. Қойылымның басталуына жарты сағат қалғанда ғимараттан шұғыл шығыңдар деп хабарлады. Бұл оқу-жаттығу емес екенін айтты. Мұнда көрермендердің барлығы дерлік – балалар мен әйелдер. Гардеробтан тез арада киімімізді алып, сыртқа шықтық. Балалармен далада тұрмыз", — деді Sputnik Қазақстанға куәгерлердің бірі.

Ата-аналардың айтуынша, эвакуацияланған балалар жақын маңдағы медицина орталығына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар