Астана Опера» театрында Дж. Пуччинидің «Богема» операсы қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана Опера» театрында Дж. Пуччинидің «Богема» операсы қойылады

Астана Опера» театрында Дж. Пуччинидің «Богема» операсы қойылады

Сәуірдің 11 мен 13-күндері «Астана Опера» театрында Дж. Пуччинидің «Богема» операсы қойылады. Бұл туралы бүгін театрдың музыкалық жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов мәлім етті.
Оның айтуынша, бұл еліміздің мәдени өміріндегі маңызды жаңалықтардың бірі болмақ.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 354
Фото - Caravan.kz


«Астана Опера» ұжымы үшін бұл опера өте маңызды. Өйткені «Богема» операсына тек қана өзіміздің әртістер қатысады. Соның ішінде бұл үлкен жауапкершілік жастардың мойнына жүктеліп отыр. Халықаралық конкурс бойынша италиялық атақты Арена ди Верона театрында партия орындау құқығын жеңіп алған Сүндет Байғожин, Медет Шотабаев, Әлфия Кәрімова сынды әртістеріміз де осы қойылымның көркі болады», — деп атап өтті А. Мұхитдинов.

Оның айтуынша, операда басты партияны орындайтындар: Медет Шотабаев, Жан Тәпин (Рудольф), Айгүл Ниязова, Жаннат Бақтай (Мими), Әлфия Кәрімова, Салтанат Ахметова, Жәмила Жарқымбаева (Мюзетта), Мүндет Байғожин, Талғат Мұсабаев (Марсель) Бауыржан Әндіржанов, Артур Қайыпқұлов (Коллен), Евгений Чайников (Шонар).

Айта кетейік, операда өмірлері көбіне қайғылы келетін өнер адамдарының тағдыры баяндалады. Онда жазылмайтын дертке шалдыққан Мимиге ғашық болатын кедей ақын Рудольфтің махаббаты және Марсель есімді суретші мен оның жеңілтек дос қызы Мюзеттаның хикаясы көрсетіледі.

Сондай-ақ, операға «Астана Операның» балалар студиясы хорының әртістері тұңғыш рет қатысады.

мухитдтнов

Перейти к новостям спорта